Қызылорда облысында жазасын өтеушілерді вакциналау басталды

Екпе салдыруға ерікті түрде келісім бергендер алдымен медициналық тексеруден өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір түзеу мекемелерінде 1800 адам жазасын өтеп жатыр. 2 күн ішінде 100 адам екпе қабылдаған. Дәрігерлер денсаулығына байланысты 200 азаматты вакциналауға өткізбеді. «Спутник V» дозалары жергілікті әкімдік қолдауымен алынып отыр. Жалпы эпидемия басталғалы өңір түрмелерінде «COVID-19» жұқтырудың дерегі тіркелген.

Жүніс Әбдіқайыров, ҚАЖД басшысының орынбасары:

- Өздерінің үйіндегі ата-аналары, туған-туысқандарымен ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді кездесулер бар. Алдағы уақытта ауру өршіп кеткен жағдайда кездесулерді тоқтатамыз. Соны тоқтатпау үшін вакцина алуға барлығын шақырып, өздері де қабылдауда.