Алматыда бір келі гашишпен ер адамдар ұсталды

Алматыда бір келі гашишпен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

35 және 48 жастағы екі күдікті есірткі заттарын қайта сату және бағаның айырмашылығымен ақша табу мақсатында сатып алған. Бірнеше минуттан кейін есірткі саудасының үшінші қатысушысы ұсталды.

«Полиэтилен пакеттерге салынған есірткі затын тасымалдау кезінде екі күдікті ұсталды, жалпы салмағы – 1,060 грамм. Үшінші күдікті де анықталды. Нәтижесінде барлық ұсталғандар ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұсталғандар Алматы қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Енді оларға мүлкін тәркілеумен 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда», – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ...