427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 25 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

  • 75
  • UPD: 15:24, 15.04.2021
Елімізде 25 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

Ел аумағындағы 25 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Оның сөзінше, қазір аталған өңірлерде қар жылдам еріп жатыр.

«Сондықтан қауіптің алдын алуға бағытталған жұмыстар қарқынды», - деді сала басшысы. Жалпы биыл күн жылығалы 46 үйді су басқан. Сонымен қатар облыстық және аудандық маңызы бар 67 жол су астында қалған.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Қар жамылғысы туралы айтар болсақ, Қазақстан аумағының 10%-інде әлі де ерімеген қар жатыр. Бұл Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстары және Шығыс Қазақстанның таулы аймақтары. Ақпан айынан бастап төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өтті. Онда су тасқынының алдын алуға қатысты нақты тапсырмалар берілді. Уақытылы атқарылған жұмыстар елді мекендерге төніп тұрған қауіп деңгейін барынша төмендетті.

Хабар 24 телеарнасы