429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

  • 144
  • UPD: 15:42, 15.04.2021

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда айырықша басымдыққа ие болады.

Бұл туралы Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жеке құрамына өткізілген арнайы семинар-тренингте айтылды. Әкімшілік заңнамаға қандай жаңа өзгерістер енгізілді? Жемқорлықтың алдын алу үшін Агенттікке қандай құзыреттілік берілді?

Семинарға облыстық соттың судьясы, облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы мен өкілдері қатысты. Мамандар департамент қызметкерлеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жақында ғана енгізілген 15 бапқа қатысты өзгерістер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мирас Қарғабай, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Сол 15 баптың ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған негізгі баптар. Оның ішінде 680 бап – жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізбегені үшін жауапқа тарту, бұрын жемқорлықпен істі болған азаматты жұмысқа алу мәселесі және кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмеген лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналасу деген сияқты бірнеше баптар бар. Сол баптарды қалай қолданамыз? Ол бойынша хаттама қалай толтырылады? Бұл бойынша кім жауапқа тартамыз сол бойынша түсіндірме жүргізілді.

Мамандар айтуынша, жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді саясат жүргізетін елдерде жемқорлық қатысты жылына 20-30 қылмыстық іс қозғалады. Ал әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 200-300-дей ғана. Яғни, негізгі басымдық әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталады.

Мирас Қарғабай, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Дәл біздің елде де осы агенттіктің құзыретіне берілген баптарды пайдалану арқылы біз қылмыстық жауапкершіліктен гөрі ол соңғы шешім болу керек. Алғашқы алдын алу әрекеттеріміз осы тәртіптік және әкімшілік жауапкершілкті қолдану болады. Сондықтан осындай семинарларды біз жиі өткізіп тұратын боламыз.

Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал, бұған дейін жемқорлықпен істі болған азаматтарды тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторға басшылық қызметке алуға тыйым салынған болатын. Енді қолданысқа енген жаңа заң бойынша мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторға бұрын жемқорлық үшін сотты болған кез келген қатардағы қызметкерді алуға болмайды. Егер алған жағдайда мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде, яғни 300 мың теңге айыппұл төлейтін болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы