ШҚО-да сапасыз салынған жол қайта жасалады

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының орталығындағы Абылайхан даңғылы қайтадан толық жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күзде салынған асфальт жамылғысы көктемге жетпей үгітіліп, тоз-тозы шыққан. Тұрғындар наразылығынан кейін аудан әкімдігі арнайы комиссия құрып, кемшіліктер назарға алынған. Мердігерлер асфальтты күздегі жауын-шашын кезінде, кеш салуына байланысты осындай олқылық болған. Былтыр Үржар ауылындағы 26 көшені жөндеуге мемлекет қазынасынан бір миллиардқа жуық қаражат бөлінген еді.

Ернат Жұмашев, Үржар аудандық ТКШ, АЖ және ЖК бөлімі басшысының м.а:

- Бірлесіп тексеру актісін жүргіздік. Тексеру актісінде бірнеше кемшіліктер анықталып, олардың барлығы актіге жазылды және де мердігер компания өкілдері барлық кемшіліктерді мойындап, өздерінің мойнына алып отыр. Анықталған барлық кемшіліктерді, яғни Абылайхан көшесіндегі 9,8 шақырым жол толық ағымдағы жылы қайта жаңғыртылып, барлық кемшілік қалпына келтіріледі. Бұл 1-1,5 ай көлемінде болады.

Сондай-ақ...