Алматы облысындағы өрт көлемі анықталуда

15 сәуір күні сағат 09:45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен жиырма бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді.

Өрт көлемі анықталуда. Өрт шаруа қожалықтарының аумақтарына және жеке демалыс базаларының жерлеріне таралды. Өрт орнына жедел түрде Балқаш ауданы Қапшағай қаласы мен Бақанас ауылының өрт сөндіру бөлімдерінен 18 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

ТЖ орнына барар жолдың нашар болуына байланысты күштер мен құралдардың қозғалысы айтарлықтай қиындады. Өрт орнына дейінгі арақашықтық шамамен 180-200 шақырымды құрайды. Телефон байланысы болмағандықтан, жедел топтың жеке құрамы байланысты ұйымдастыру үшін алып жүретін спутниктік терминалдармен қамтамасыз етілді.

13 сәуірден бері ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдары Балқаш ауданының Желтораңғы, Ақкөл ауылдық округтерінің аумақтарындағы ошақтарды сөндіруде. Барлығы үш жану ошағы бар. Алғашқы ошақ 20 га алаңда сағат 10:30-да сөндірілді. Екінші және үшінші жану ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қураған ағаштардың жану оқиғаларының жиілеуіне байланысты 12 сәуірден бастап Балқаш ауданында жедел штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмыс істейді. Қазавиаорманқорғау мекемесінің ұшағымен учаскелерді аэровизуалды тексеру ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі