Түркістан облысында карантин тағы ұзарды

Бас санитарлық дәрігердің кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңір «жасыл» аймақта. Соған қарамастан бұл жерде той-томалақ өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді, аквапарктер де әзірге ашылмайды. Сауда орталықтары таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Бірақ келушілерге лық толмауы керек. Ал базарлар жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 7-ке дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері 5-тен кейін жабық болады.