Екпеден жанама әсер байқағандар еңбекке жарамсыз қағазын алуға болады

Қазақстандықтар СOVID-19-ға қарсы екпеден кейін жанама әсерлер болған жағдайда еңбекке жарамсыз деген анықтама алуға құқылары бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы қалалық №4 емханасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Гүлжан Қаратаева мәлімдеді. Оның айтуынша, науқас коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін жағымсыз реакциялар болған жағдайда екпе алған емханада немесе тіркелген жері бойынша ауруханалық ем-дом ресімдей алады. Себебі әр организм әр түрлі. Бір адамға вакцина реакция беруі мүмкін, кейбірі қалыпты жүреді. Вакцинациядан кейін барлық дерек базада жазылады. Онда науқастың байланыстары көрсетілуі керек, дәрігерлер оған қоңырау шалып, жағдайын біліп бағалап отырады. Температура, қалтырау, ауру пайда болған кезде еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болады деді ол.

Сондай-ақ...