429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы ЖОО-да коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр

  • 121
  • UPD: 19:31, 15.04.2021
Павлодардағы ЖОО-да коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр

Кеше педагогикалық университеттің 35 оқытушысы өз еркімен екпе жасатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Спутник V» вакцинасы бүгін тағы 20 адамға салынды. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде екпе алушылар қатары күрт өскен. Асқыну жағдайлары тіркелмепті. Ғылыми қызметкер Татьяна Крупа өз еркімен вакцина салдырғандардың бірі.

Татьяна Крупа, ғылыми қызметкер:

– Менің ойымша, вакцина салудың маңызы өте зор. Өзім археология саласында жұмыс істеймін және жаңғырту, қайта қалпына келтіру ісімен айналысамын. Микробиологияны жақсы білетін маман ретінде айтарым, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Жұқпалы індетті осы екпе арқылы жеңе аламыз.

Ольга Андрющенко, университет проректорының міндетін атқарушы:

– Бұл қажетті процедура болғаннан кейін ұстаздарды, оқытушылар мен студенттерді ақпараттандырып отырмыз. Өйткені аурудан қорғануымыз керек. Біз белсенді әлеуметтік өмірге, толыққанды оқу үрдісіне қайтып оралуды қалаймыз. Сол себепті вакциналау науқанына белсенді қатысамыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы