Ақтауда концерт өткізген қонақүй иесіне 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Ақтауда карантиндік шектеулерге қарамастан концерт өткізген қонақүй иесіне 4 млн 600 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық әншілер тобының өнері әлеуметтік желілерге кең тарады. Бесжұлдызды қонақ үй әкімшілігі ғаламтордағы парақшаларда аталған ән кеші туралы хабарламаны алдын ала таратқан. Кейін оны алып тастайды. Алайда 2 мыңға жуық адам қатысқан концерттік бағдарламаны құзырлы органдар көріп, әкімшілік шара қолданды.

Әсима Жарылғасова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 802-бабы 3-бөлігінде БАҚ-та жарияланған дерек бойынша әкімшілік шара қолдану қажет деп көрсетілген. Бұл жағдайда қонақүйде мәдени-көпшілік шара өткені халыққа таралып кетті. Осының негізінде хаттама толтырылды. Ірі кәсіпкерлік нысан болған соң айыппұл көлемі 16900 АЕК-ке тең. Бір апта ішінде төленсе, 800 АЕК дейін қысқарады.