Қазақстанда 449 мың адам жұмыссыз жүр

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 449 мың адам жұмыссыз жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Қазір елдегі жұмыс күшінің саны – 9 миллион 200 мың адам. Оның 7 миллионға жуығы жалдамалы жұмыс істеп, жанын бағып жүр. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер саны 2 миллионнан асады. Ержан Біржанов еңбек нарығына пандемияның да әсер еткенін атап өтті. Былтырғы жылдың екінші тоқсанында, яғни карантиндік шектеулер кезінде 536 мың адам уақытша жұмыс істемейтіндер тізіміне іліккен. Алайда қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл соңында бұл көрсеткіш азайды деді вице-мнистр.

Ержан Біржанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– «Еңбек» бағдарламасы біздің жұмысқа қолданатынымыз. Оның шеңбері 649 мың адамға көмек көрсетілді. Бұл бағдарламада 5 бағыт көрсетілген. Біріншісі – еңбек дағдыларын дамыту дейміз. Оның шеңберінде 18 мыңнан астам адам қысқаша курстан өтті. Кәсіптік-техникалық білімді 18 мың адам алды. Бұл да өз септігін тигізді.

Сондай-ақ...