СҚО-дағы қарттар үйінің бас есепшісі сотталды

Әсемгүл Сәрсембаева 2017 жылдан бері өзіне қосымша айлық пен сыйақылар аударып отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметін асыра пайдаланған әйелдің құйтырғы әрекетінен мемлекетке 10 млн теңге шығын келді. Оның осындай қадамға баруына мекеме басшылығының салғырттығы себеп дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері. Смирново ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жетекшісі оған өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасын беріп қойған. 

Жарқын Ғалымов, СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

– Наурыздың 25-і Сәрсембаеваның кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімі шықты. Бостандығына 5 жылға шектеу қойылды. Сонымен қатар 5 жылға қаржылық қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ...