Жаңаарқада алты келіге жуық шортан мен торта балығының өлексесі табылды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында балықтар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Бидайық көлінде бас-аяғы 6 келіге жуық шортан мен торта балығының өлексесі табылған. Бірер күн бұрын Қарағанды қаласына іргелес Узенка кентінде 400-ден астам мөңке балығының жаппай қырылғаны анықталған еді. Мамандардың айтуынша, өңірде былтыр мұндай дерек тіркелмеген. Экологтар Бидайық көлінің суынан және балықтардан сынама алды.

Дулат Сейсембаев, «Нұра-Сарысу» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

– Өлген балық түрлері тортадан 20 дана, шортаннан 15 дана табылды. Жалпы 35 дана балық табылды. Инспекция қызметкерлері балықтың қырылу себебін анықтау үшін экологтармен бірлесіп зерттеулер алды. Яғни су және биологиялық қалдықтар сынамасы алынды.