Сергеев қоймасында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы тағы көтерілді.

Таңғы 08:00-де жасалған өлшем бойынша бөгет үстімен ағып жатқан судың деңгейі 147 сантиметрге жеткен. Бірақ бұл Есіл өзенінің жағасындағы елді мекендерге еш қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері қазір Айыртау, Ғабит Мүсіерпов, Есіл, Тимирязево, Уәлиханов аудандарында жұмыс істеп жатыр. Өңірде су басқан үйлер жоқ. Тек бір ғана жол аумағын шайған. Оның өзінде көлік қозғалысы тоқтаған емес.