Қостанайда 23,5 мың адам вакцина салдырды

Қостанай облысында 23 жарым мың  адам ковидке қарсы вакцина салдырды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір өз еркімен келіп, екпе алып жатқандар көп. Бүгінде өңірдегі 31 медициналық мекемеде 62 егу кабинеті жасақталған. Қажеттілік туындап жатса, олардың санын 150-ге дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Ал әзірге келгендерді қабылдап, үлгіріп жатырмыз дейді жауапты мамандар. Облыс орталығындағы 4-емханада ғана күніне 50-60 адам  екпе салдырады екен. Өткен аптада Қостанайға 13 мыңға жуық вакцина жеткізілген. Айдың соңына дейін препараттың тағы 45 мың 400 данасы әкелінеді.

Жаңабай Хамитбеков, қала тұрғыны:

- Салдым, қорқатын дымы жоқ. Ешкім мені міндеттіріп жатқан жоқ.  Қазір әр жерде осындай ауру толып жатқан соң, енді салу керек. Осы ауруды таратпаудың жолы, ол-вакцина істеу керек.

Әлібек Ермағанбетов, дәрігер:

- Адамдар келіп жатыр, Алдын-ала жазылып жатыр. Барлықтарының ынтасы жақсы. Өйткені коронавирусты жеңу үшін бірінші уақытта коллективті иммунитет керек ең біріншіден. Ол үшін 50-60 проценттен астам халық вакцинация алу қажет.

Сондай-ақ...