Арал ауданында халық вакцина салдырды

Қызылорда облысының Арал ауданында да вакциналау басталды.

Теңізді өлкеге бірер күн бұрын мың дана екпе жеткізілген. Алғаш болып полиция қызметкерлері вакцина салдыра бастады. Ауданда жыл басынан бері 45 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, олардың төртеуі стационарда ем алып жатыр. Аймақ басшысы бірқатар жаңа өндірістік жобалардың да құрылысымен танысты. Олардың қатарында озық технологияға негізделген түйе сүтін өңдеу цехы бар. Ал Қазалы ауданында германиялық технологиямен мал азығын өсіру тәжірибесі қолға алынған.  

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

- Халық жақсы қабылдап вакцинаны, бүгін көрдік, тәртіп сақталып, санитарлық жағдай сақталып, вакцина қабылданып жатыр. Одан басқа қазір қосымша 210 төсек орын дайын тұр. Егер де көбейген жағдай болса халықты емдеуге. Басқа дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар, ИВЛ жеткілікті толық.

Сондай-ақ...