Жамбыл облысында браконьерлікпен айналысқан адам сотталды

Жамбыл облысында заңсыз аң аулаумен айналысқан күдікті бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Тәртіп сақшылары оны жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Мойынқұм ауданында қолға түсірген. Заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктінің мотоциклінен атылған жабайы қабан, тіркелмеген 16 калибрлі мылтық және суық қаруға жататын пышақ табылды. Аталған дерек бойынша «заңсыз аң аулау» және «заңсыз қару алып жүру» деген 2 баппен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Әбсамат Бекмұхамбетов, анықтау басқармасының бастығы:

- Тергеп-тексеру ісі бойынша барлық қажетті сот-сараптамалары жүргізіліп, дәлелдемелер жиналып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот талқылауының қорытындысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылып, екі жыл мерзімге аң аулаумен айналысу құқығынан айырылды.