Батыс Қазақстан облысында түнгі клубқа ұры түскен

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында түнгі клубқа ұры түскен, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол пандемияға байланысты сауық орнының жұмысы тоқтатылып, қараусыз қалғанын пайдаланған. Ғимаратта бейнебақылау құрылғылары да істен шығыпты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұры түнгі клубтан 3 плазмалық теледидар ұрлап кеткен.

«Арнайы қабылданған шаралар барысында 35 жастағы «Я» есімді азамат ұсталды. Ол клуб иесіне 300 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Ұрланған мүлік тәркіленді. Қазір ұрлық дерегі бойынша ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ...