429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Діни бірлестік өкілдері: Вакцина салдыру ешбір дінге қайшы келмейді

  • 114
  • UPD: 17:39, 16.04.2021
Діни бірлестік өкілдері: Вакцина салдыру ешбір дінге қайшы келмейді

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны діни бірлестік өкілдері де қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада Ислам мен христиан дінін ұстанушылардан өзге 15 діни конфессия бар. Бірлестік өкілдері бір ауыздан вакцина салдыру ешбір дінге қайшы келмейтінін айтады. Сондықтан сақтық шараларын түсінікпен қабылдау керек. Жалпы осы уақытқа дейін Алматыда 116 мыңнан аса адамға екпе егілді. Қалада вакцина салатын 203 орталық жұмыс істеп тұр. 

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:

- Қаладағы имамдар жайлап салдырып жатыр. Бізде вакцина салдыру жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуәсі шықты. Вакцина салдырудың қажеттілігі және вакцинаның оразаны бұзбайтындығы жөнінде. Себебі вакцина ол азық болатын, тамырдан салынатын дәрі емес. Ол адамның бұлшық етіне салынатын, егілетін дәрі. Сондықтан ол оразаны бұзбайды.

Хабар 24 телеарнасы