COVID-19: Шымкентте жансақтау бөлімінде жатқандардың дені жастар

Шымкентте вирус күш алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала «қызыл аймаққа» енген. Дертке ұшырағандар қазір ауруханаларға сәт сайын жеткізіліп жатыр.

Мына кадрларды қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы түсірген. Ол Асар ықшам ауданындағы инфекциялық ауруханаға барып, ондағы науқастардың жағдайымен танысқан. Айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқандардың дені жастар. Жағдайы өте ауыр. Көбі Өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған. Сол себепті басқарма басшысы тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және мүмкіндік болса екпе салдыруға шақырды.