427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ: Қазақстандықтарға тек «Спутник V» вакцинасы егілуде

  • 125
  • UPD: 20:58, 16.04.2021
ҚР ДСМ: Қазақстандықтарға тек «Спутник V» вакцинасы егілуде

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны короновирусқа қарсы екпе алғаннан соң денсаулық құжатында қытайлық вакцинаның атауы жазылғандығын әлеуметтік желіде жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі елде ешқандай да қытайлық доза жоқ екендігін мәлімдеді. Азаматқа екпе салған медициналық мекеменің қызметкері оған ресейлік «Спутник V» егілгенін ескерткен. Демек дәрі-дәрмек атауы жазбада қате көрсетілген. Осы уақытқа дейін Қазақстанға тек ресейлік препарат әкелінген.

«Осыған ұқсас технологияны қолданып, вакцина Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта шығарылуда», - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар. Жалпы елордада 49 мыңға жуық адамға вакцина егілген.

Айгерім Ардаққызы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Нұр-Сұлтанда бүкіл қала тұрғындары дерлік ресейлік «Спутник-V» және біздің қарағандылық фармацевтикалық зауытының «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасын алып жатыр. Ешбір қытайлық дозалар біздің басқарма қоймаларына жеткізілген жоқ. Яғни Қытайлық вакцина жоқ деген сөз. Бұд адами фактордан туындаған жағдай. Дәрігер вакцина салғаннан кейін ақпараттық жүйеге барлық мәліметті енгізген кезде вакцинаның атауы деген өзінің тізбесі бар. Мүмкін сол жерде бір факторлардан қате болған сияқты.

Хабар 24 телеарнасы