Жол құрылысына бақылау күшейді

Елде 2025 жылға дейін автокөлік жолдарында бір ғана нормативтік құқықтық стандрат болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни қазіргідей қалалық, жергілікті және республикалық деген дәрежеге бөлінбейді. Қазір барлық автокөлік жолдарын бір нормативтік құжатқа өткізу үшін кешенді бағдарлама жасалып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев мәлімдеді. Бүгін ол Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың жағдайын көру үшін осы өңірге арнайы барды. Қазір аймақта республикалық дәрежеде екі ірі жоба жүзеге асып жатыр. Оның бірі – екі жыл бұрын басталған Өскемен – Талдықорған тас жолы. Сондай-ақ 415 шақырым болатын Қалбатау – Майқапшағай жолы да жаңаланып жатыр. Дегенмен, бұл бағыттағы жол құрылысы өте сылбыр, кестеден кешігіп қалған. Сондықтан минстрдің орынбасары мердігер компания басшыларына ерекше ескерту берді. Жергілікті жолдарға қатысты қабылданатын нормативтік жобалар туралы да айтты. Ал жолдарды салуға отандық және қытайлық компания бас мердігер ретінде тартылған.

Берік Қамалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

- Республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды 2025 жылға дейін республикалық  жолдарды 100%-ке дейін нормативтік жағдайға келтіру. Ал жергілікті жолдарды 95% келтіру. Осы мәселеде оның барлығын салғаннан кейін негізгі мақсат – жолдың сапасы жақсы болу керек. Талдықорған – Өскемен жолындамыз. Бұл жолды мердігерлер кестеден кешікпей келе жатыр. Негізі олардың барлығы келесі жылға көзделген. Бірақ біз осы жолды биыл ашуға жоспарлап отырмыз.