429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда «Қалқан-2021» әскери жаттығуы өтті

  • 161
  • UPD: 23:05, 16.04.2021
Маңғыстауда «Қалқан-2021» әскери жаттығуы өтті

Әскерилер оттегі жабдығын пайдалана отырып, Каспий теңізінің жағалауына парашютпен десант түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіз күштері зымыран-артиллериялық кемелерінің қолдауымен сарбаздар су үсті және су асты тәсілімен жүзіп, жағадағы плацдармды басып алды. Ұшқышсыз ұшу құрылғылары анықталып, радиоэлектронды барлау және күрес құралдарының көмегімен жойылды. Ал әуеден қонған шабуылдаушы топтар шартты қарсыласты қапталдан қоршады. Бұл – Маңғыстауда өткен «Қалқан-2021» сценариі. Және ол жоспарға сай сәтті өтті. Оқу-жаттығуға Қарулы күштердің әскери бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан бөлімшелері қатысты.

Жаннұр Сатқынов, 25744 әскери бөлімінің командирі:

- Бұл оқу-жаттығудың ерекшелігі арнайы операциялар күштерінің құрамаларын толықтай қолдану болды. Мемлекет аумағын күшейту жөнінде шекарашылар мен қарулы күштердің бірлескен іс-қимылы іс жүзінде пысықталды. Қойылған тапсырмаларды жеке құрам толықтай орындады. Осы оқу-жаттығуға қатысқан әрбір жауынгер тәжірибелік түрде кәсіпқойлығын көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, патриоттық сезімін оята білді.

Хабар 24 телеарнасы