Көгез этноауылы маңында дала қызғалдақтары гүлдеді

Маңғыстауда қызғалдақ гүлдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы Көгез этноауылына барған жұрт көріп, таң-тамаша. Өйткені құмға қызғалдақтың өскенін алғаш көрген. Сөйтіп, саяхат құрып, сәуірде құмға шыққан қызғалдақты тамашалаған ел сол мезетте фото, видеотүсірілім жасаған. Кейін қалаға оралған соң ғаламтордан өздері түсірген суреттерді салыстырып қарап, олардың атауы соғды қызғалдақтары екенін біледі.

Ольга Михайлова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Айрақты – Шоманай тауларының етегінде домалақ тастар шашылып жатқан алқапта дала қызғалдақтары жайқалып тұр. Шетпе ауылынан шамамен 20 шақырымдай қашықта. Жанында Шерқала тауы орналасқан. Ғаламторда бұл гүлдердің тек Маңғыстау облысында құмды алқапта өсетіндігі жазылғанын оқып, таң қалып жатырмыз. Бұл алда келе жатқан бір жақсылықтың нышаны деп ырымдап отырмыз.