429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

  • 166
  • UPD: 08:17, 17.04.2021
Алматы облысында қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

Алматы облысында жылымықтың әсерінен және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 17-19 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Осы ретте синоптиктер тұрғындарға қарлы беткейлерге шықпауды ескертеді. Қазгидрометтің болжауынша, бүгін Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Маңғыстау облысында қою тұман түседі. Атырау және Ақтөбе  облысында да тұман, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы