Елордалық цирк маңайында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты осы жылдың 17 сәуірінен бастап Қорғалжын тас жолынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі цирк айналасындағы автожолдың қозғалысы жабылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Цирк маңындағы автожолдың орташа жөндеу жұмыстары осы жылдың 22 сәуіріне дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, қаланың 6 көшесінде жолдың шұңқырлы тұстарын жөндеу басталды:

- Тархан к-сі Пушкин көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;

- Майлин көшесі Абылай хан даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін;

- Достық көшесі Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін;

- Б. Момышұлы даңғылы Сәтпаев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

- Төлебаев көшесінің бойындағы жол төсемінің шөгуін жою;

- Тараз көшесі Жангелдин көшесінен Тархан көшесіне дейін.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», — делінген ведомство хабарламасында.