Елордада көлік өрті жиіледі

Жыл басынан бері осындай 81 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда 50 процентке көп.

Мына неміс автокөлігі күні кеше отқа оранған. Қазір нақты себептері анықталып жатыр. Мұндай жағдайлар көбіне электр сымдарының тұйықталуынан болады дейді мамандар. Жыл басынан бері 80-нен аса оқиға тіркелді десек, оның 90 проценті осы электр сымдарына тиесілі. Бұдан бөлек, арнайы өрт қоятын не отты дұрыс пайдаланбайтын жағдайлар да болады. Өкініштісі, қызыл жалын кей кездері қасында тұрған басқа көліктерді не ғимараттарды да шарпып жатады.

Сәбит Битаев, қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

– Биыл да бізде тіркелген. 3 көлік бір тұрақта өртенді. Ондай матриалдарды ішкі істер органдарына береміз. Ол кісілер заңды шаралар қолданады.

Оқыс оқиғаның жиілеуін қала тұрғындары мен көліктер санының артуымен түсіндіреді мамандар. Бұған қоса, біздің жолдарда қолданыста 10, 15, тіпті 20 жылдан аса уақыт жүрген темір тұлпарлар кездеседі. Өрттің басым бөлігі осы себептен шығады. Көліктің толық отқа орануына 7 минут жетіп жатыр. Ал оны кейін қалпыпқа келтіру мүлде мүмкін емес.

Виталий, көлік жөндеу орталығының басшысы:

– Өртенген көлікті қалына келтіру өте қиын. Көп жағдайда оны бөлшектеп, сатып жібереді. Немесе қоқысқа тастай салады. Ең дұрысы – оның алдын алу. Әсіресе, қосымша қондырғылар орнатқанда, сымдарды дұрыстап тексеру керек. Өрт сөндіру құралының болуы және мерзімінің өтпеуі де маңызды.

Қысқасы, қатты аязда көліктер жиі жанады деген пікір қате дейді құтқарушылар. Қызыл жалын жыл мезгіліне не ауа райына қарамайды. Бұл жердегі негізгі фактор – көліктің техникалық жағдайы мен жүргізушінің сақтығында екенін алға тартты.

Аслан Қаженов, Жандос Сұлтанғазы

Сондай-ақ...