Жер реформасы жөніндегі комиссияның төртінші  отырысы өтті

Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында 49 жылға дейін жалдау мерізімі жөніндегі мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру жайлы ұсыныстар қаралды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылайша отырысты қорытындылады. Жұмыс тобына қатысқан ауыл шаруашылық мамандары, агроөнеркәсіптік шаруашылықтардың басшылары да жалға беру мерзімін қалдырудв қолдап отыр. Жалпы халықаралық тәжірибеде де осындай мерзім қолданылады. Мысалы, көршілес Ресей, Өзбекстан, Украина сынды елдерде ауыл шаруашылығы жерлерін жалға 49-50 жылға дейін беріледі.