Елдегі ауыл шаруашылығына 29 млн гектар жайылым жер қажет

Статистикаға сүйенсек, елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66 проценті өндіріледі.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев ауылдардағы өзекті мәселе жайылым тапшылығы екенін айтты.  Бұдан бөлек елде 185 млн гектар жайылым  бола тұрып, оның игерілмей жатқаны айтылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында жайылым туралы заңды күшейту, қосалқы шаруашылық туралы арнайы заң қабылдау ұсыныстары айтылды.