Өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мың дозасы жеткізілді

Өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мың дозасы жеткізілді. Сәуір айының соңына дейін тағы 910 мың Sputnik V дозасы және басқа өндірушілердің 500 мың дозасы жеткізіледі.

Бұл туралы «СҚ-Фармация» хабарлады.  Жалпы  елде ұжымдық иммунитетт қалыптастыру үшін 10 миллионға жуық адамды егу жоспарланып отыр.

Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша өңірлерде ай сайын шамамен 2 миллион адамға вакцина салуға мүмкіндік жасалады. Жалпы науқанды қыркүйек айында аяқтау жоспары бар.

Қазір елде қолданылып жатқаны Ресейден әкелінген «Спутник V»  және  Қазақстанда өндірілген QazVac вакцинасы.