Ел жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселесі талқыланды 

Ел жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселесі талқыланды 

ІІМ-де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының, еліміздің бірқатар салалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық семинар-кеңес өткізілді. 

Автомобиль жолдарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ мамандары шетелдік озық тәжірибені зерттеп, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарында пилоттық жобаны іске қосуды ұсынды. 

Озық техникалық шешімдер нақты жағдайларда тексеріліп, қазақстандық жолдардың ерекшеліктеріне бейімделетін болады. Олардың ішінде проекциялық және интеллектуалды жаяу жүргіншілер өткелдері, баламалы жол белгілері, соның ішінде 3D көлемді формат, интерактивті жол белгілері және т.б. бар. Семинарға қатысушылар жаңа бастаманы қолдады. 

Ішкі істер органдарының статистикасы бойынша 2021 жылдың 3 айында республикада 2 621 ЖКО болып, онда 363 адам қаза тауып, 3605 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаза болғандар саны 11,7% - ке өсті. 

Жол-көлік оқиғаларының орын алу себептері жылдамдықты асырумен, қарсы жолаққа шығумен және жол қиылыстарынан өтумен байланысты жүргізушілердің көлік тәртібінің төмендігі болып отыр. 

«Бүгінгі таңда елімізде 4,3 млн көлік құралы пайдаланылуда. Әрбір жүргізуші рульге отырып, өзін барынша қауіпсіз сезінгісі келеді. Біздің міндетіміз оны қамтамасыз ету», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметі