Жезқазған жеріне ғарыш кемесі қонды

«Союз МС-17» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелерімен бірге Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге сәтті қонды.

Кеменің экипаж мүшелері ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және американдық Кэтлин Рубинс. Кеме жарты жылдық сапардан оралды. Экспедиция барысында ғарышкерлер 11 жыл бойы ашылмаған станция люгі арқылы ғарышқа шыққан. Сонымен қатар 50-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылды. 

Сондай-ақ...