427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зайсан ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

  • 104
  • UPD: 09:23, 18.04.2021
Зайсан ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы жаңадан салынған үйлерден 102 отбасы баспана алып қуанышқа кенелсе, биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып жатыр. Аймақтық «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы мен жеке инвесторлардың көмегі арқылы 120 пәтер пайдалануға берілмек. Заманауи көркі бар жер үйлердің жалпы аумағы 100 шаршы метр. Ол негізінен көп балалы отбасыларға арналған. Ал 5 қабатты тұрғын үй кезекте тұрған бюджеттік мекеме қызметкерлері мен жас мамандарға берілмек. Бұл үйлерді абаттандыру жұмыстарына да қосымша жобалар жасалған.

Қуаныш Тұрсынханов, Зайсан аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бұл үйлер табиғи газ бізде. Сол себепті жылу жағынан ешқандай проблема жоқ. Себебі газ қазандығы қойылады. Содан кейін бұл үйдің жобасы бойынша газоблок дейді, сонымен жинаған, сырты силикат кірпішпен қапталған. Толығымен сапасы жағынан жақсы істеліп жатыр. Құрылыс бөлімі басшылары мақұлдап таңдаған, конкурс арқылы істелген.

Хабар 24 телеарнасы