Елімізде бір күнде КВИ белгілері бар пневмониядан екі адам көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 81 адам жұқтырып, 2 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 89 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 51844 адамды құрап отыр. Сондай-ақ 750 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны – 50639.