Волонтерлер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңыздылығы туралы буклеттер таратты

Бүгін елордалық волонтерлер сауда, ойын-сауық орындарында коронавирусқа қарсы екпенің маңызы жөнінде 1000 ақпараттық буклет таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша волонтерлер жұртшылықты вакцинациядан өтіп, пандемияны бірлесе тоқтатуға шақырды.

«Волонтерлер «Хан Шатыр», «Керуен», «Keruen City», «Сарыарқа» ойын-сауық орталықтары мен «Астаналық» базарында ақпараттық буклеттер таратты. Осы арқылы халықты екпе жайлы көбірек сауаттандырып, вакцина салдыруға ынталандырғымыз келді. Вакциналаудан өте отырып біз тек өзімізді емес, отбасымызды, жақындарымызды және айналадағы адамдарды да коронавирустан қорғауға көмектесеміз», – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

«Астана жастар» жастар ресурстық орталығының және қалалық волонтерлер штабының волонтері Арайлым Сапарәлінің айтуынша, алдағы уақытта да қоғамдық жерлерде ақпараттық буклет тарату жалғасады. Бұл шараға кез келген тұрғын волонтер ретінде атсалыса алады.

Сондай-ақ...