429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті

  • 186
  • UPD: 07:07, 19.04.2021
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті

Қазақ театр және кино өнері орыны толмас қазаға ұшырады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры әлеуметтік желіге жазып естіртті.

Ғазиза Әбдінәбиева «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. Марқұм «Перекресток» телехикаясында Розаның, ал «Саранча» кинокартинасында Маргоның ролін сомдаған. Сондай-ақ ол «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Біржан сал»,  «Кемпір», «Зауал» сынды бас-аяғы 20-ға жуық фильмде ойнаған.

Хабар 24 телеарнасы