2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 135,7 мың отбасындағы 683,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 сәуірде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 162,4 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 105,4 мың отбасындағы 519,4 мың қазақстандыққа 2021 жылғы І тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II, III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.