Терминал аппаратын ұрлаған шымкенттік ұсталды

Шымкентте кинология қызмет орталығының «Грей» есімді қызметтік иті қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 сәуір күні сағат 18:10 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын аудандағы дүкендердің бірінен терминал аппаратын белгісіз біреулер бұзып, оның ішіндегі ақшаны ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Кинология қызметі орталығының «Грей» есімді қызметтік итінің көмегімен күдікті азаматтың ізіне түсіп, ұстап, полицияға жеткізді.

Тексерудің нәтижесі бойынша аталған азаматтардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.