427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

CҚО-ның Сергеев қоймасындағы су деңгейі түсіп келеді

  • 96
  • UPD: 11:55, 19.04.2021
CҚО-ның Сергеев қоймасындағы су деңгейі түсіп келеді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі түсіп келеді.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең бөгет үстімен ағып жатқан су деңгейі 141 сантиметр болды. Ал Есіл өзені Новоникольск ауылының маңында көтерілген. Бірақ арнасынан асқан жоқ. Облыс бойынша су басқан үйлер анықталмады. Бұл көктемгі тасқынның бірінші толқыны. Енді Сергеев су қоймасына Ақмола облысындағы Колутон мен Жабай өзендері келіп құяды.

Хабар 24 телеарнасы