429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 49 жастағы әйел мен оның үш баласы алғаш рет құжат алды

  • 85
  • UPD: 11:58, 19.04.2021
Алматыда 49 жастағы әйел мен оның үш баласы алғаш рет құжат алды

49 жастағы алматылық және оның үш баласы алғаш рет Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжатты алды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталды. Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысына жүгінген.

«Азаматша Денисова Ольга Сергеевна 1972 жылы туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген. Құжаттардың болмауына және қиын қаржылық жағдайға байланысты О.С.Денисованың 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты болған жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін біздің бөлімнің қорытындысымен О.С.Денисова және оның балалары 20.12.1991 жылғы No1017-X11 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктері берілді», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Ольга Денисованың қызы өз кезегінде отбасы үшін маңызды мәселені шешкені үшін ризашылығын білдірді.

«Біз еліміздің Президентінен көмек сұрадық, содан кейін олар бізге шұғыл көмектесті, құжаттарды жасады, бұл үшін мен Қазақстан Республикасының Президентіне, ІІМ КМС, Алматы қаласының көші-қон қызметіне алғыс білдіргім келеді», – деді Александра Денисова.

Хабар 24 телеарнасы