Елорданың тағы бір сауда орталығында вакциналау пункті ашылды

Елордадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында тағы бір екпе салатын орын ашылды. Мұнда мамандар өткен сенбіден бастап жұмыс істеп жатыр.

Бірақ бүгін адам қарасы көп дейді. Жастар да, қарттар да келіп жатқан көрінеді. Осы уақытқа дейін қалада 50 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін қабылдап үлгірген. Вакцинаның екінші дозасы 10 мыңнан астам адамға салыныпты. Қазір қалада 100-ге жуық вакциналау орыны бар. Мамандар тәулігіне 5 мың адамға дейін екпе салуға шамамыз жетеді дейді.