Атырау облысында эпидахуал ушығып барады. Өткен тәуліктің өзірде аймақта 110 адам короновирус жұқтырған. Ал инфекциялық стационарлар 27 процентке толық.
Бұл жөнінде жергілікті денсаулық сақтау басқарамасы хабарлады. Дәл қазір аурухадана 500-ден аса адам ем алып жатыр. Оның 150-ге жуығы Теңіз кен орнындағы емханаларда жатыр. 25 науқас ауыр халде.
Айта кетейік, Атырау облысы қазір қызыл аймаққа кіреді. Қалыптасқан жағдайды екпе жасауды жылдамдату арқылы реттеуге болады деп үміттенеді мамандар. Бүгінге дейін облыста 14 мың адам вакциналаудан өткен.