ШҚО-да браконьерлер жыл басынан бері 6 мың келіден астам балық аулаған

ШҚО-да браконьерлер жыл басынан бері алты мың келіден астам балық аулаған, деп хабарлайды Polisia.kz.​

Уылдырық шашу кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы тыйым салынған балық кәсіпшілігі су айдындарында (учаскелерінде) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда балықты заңсыз аулауға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 16 сәуірінен бастап «Нерест-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.​ Іс-шараның негізгі мақсаты – балықты заңсыз аулау, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашу, сондай-ақ балық қорғау органдарына балық қорларын сақтауда көмек көрсету.​

Ағымдағы жылдың үш айында табиғат қорғау полициясының бөліністері балық ресурстарын сақтау мақсатында 320 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде 239 экологиялық құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде браконьерлерге қатысты 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 229 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.​Жыл басынан бері заңсыз ауланған алты мың келі балық тәркіленіп, мемлекетке үш миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Сондай-ақ...