427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда 540 үлескер маусым айында үйлеріне кіреді

  • 106
  • UPD: 18:49, 19.04.2021

Елордадағы проблемалы нысандардың бірі – «Шығыс» тұрғын үй кешенінің екінші және үшінші кезегі маусым айында беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй құрылысы кооперативі көп ұзамай 540 пәтердің иесіне құжат тапсырады. Негізі тұрғын үй кешені 2013 жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, құрылыс компаниясының басшысы істі болып, жұмыс тоқтап қалған. Ал оған сенім артып, ақша құйған жүздеген үлескер пәтерсіз қалды. 2019 жылдан бері проблемалы нысанның құрылысын мемлекет жалғастырып келеді. Алғашқы кезектегі үй қолданысқа берілген.

Әлия Айтжанова, Тұрғын үй құрылысы кооперативінің төрағасы:

- Маусым айында 2 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл іс «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаржыландырылып келеді. Бірақ кей үлескердің құжаты дұрыс болмай, кооперативке мүше бола алмай қалды. Себебі, кезінде осы құрылысқа қаражат құйғанын дәлелдейтін түбіртектері жоқ. Біз мемлекеттік бағдарлама аясында, соның талаптарына сай жұмыс істеп келеміз. Қазір кооперативке 540 үлескер мүше. Олар көп ұзамай пәтерлеріне кіріп, құжаттарын алады.

Оңдасын Үсенұлы, қала тұрғыны:

- Осы ЖСК-ға ең бірінші кіргендердің қатарындамын. Қарашада кілт алдым. 2021 қаңтарынан бастап тұрып жатырмын. 100% төлеммен алғам. Ол кезде құрылыс жүрген жоқ. Құрылыс 2020 жылдан бастап жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы