Павлодар облысындағы сотталғандарға вакцина салынып жатыр

Павлодар облысындағы түзету мекемелерінде 62 жазасын өтеуші өз еркімен екпе салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл темір тордың ар жағында отырғандарды иммундаудың алғашқы кезеңі. Медицина қызметкерлерінен құралған топ күн сайын жабық нысандарға барады. Облыс орталығындағы АП-162/4 түзету мекемесінде қазір 565 адам жазасын өтеп жатыр.

Тимур Тасқарин, мекеме басшысының орынбасары:

- Бір 50 шақты сотталғанға «Спутник V» вакцинасы егілді. Осы жұмысты алдында да өткізуге тырысамыз. Осы мекемеде сақтық шаралары қатаң ескеріледі. Сол үшін коронавирус инфекциясы алдында да қазір де жоқ.

Рафаиль Камалитдинов, жазасын өтеуші:

- Сотталғандар вакцинадан қорықпауы тиіс. Бостандықтағы адамдардан біздің айырмашылығымыз жоқ. Дәрігерлер де, сотталғандар да қарапайым адамдар. Коронавирус біздің ортада тіркелген жоқ. Сол жағы қуантады. Басқа мекемелерде де болмасын. Індет тезірек жойылып, бұрынғы қалпымызға қайта оралғанымызды қалаймын.