ҚР Премьер-министрі цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Премьер-министр Асқар Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында «DigitEL» ұлттық және «Smart City» жобаларын іске асыру барысы баяндалды.

Айта кетейік, «DigitEL» ұлттық жобасы 5 бағытта жүргізіледі. Оның нәтижесінде алдағы бес жылда халықты сапалы интернетпен және электрондық денсаулық паспорттарымен 100% қамту көзделген. Ал «Smart City» – Қазақстан экономикасын цифрландырудың негізгі жобаларының бірі. Ол өңірлердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тиіс. Отырыста қауіпсіздік және тіршілікті қамтамасыз ету салаларындағы цифрлық жобаларды жүзеге асыратын жеке компаниялардың өкілдері түсінік берді. Ал онлайн кездесу соңында Премьер-министр Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында «DigitEL» ұлттық жобасын таныстыруды, сондай-ақ «ақылды қалалар» эталондық стандартын өзектендіруді тапсырды.