Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорын құрылысы басталды

Жамбыл облысында алтын өндіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қордай ауданы Ноғайбай ауылында жаңа тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды. Жоба германиялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба үш кезеңге жасалған. Қуаты жылына 10 тоннаға дейін алтын өндіруге жетеді. Шикізат көзі – Қаратас – Майбұлақ аумағы. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа өндіріс орны облыстың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өсіміне ықпал ететінін айтады. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «бұл кешен елімізде инженерлер мен металлургтердің жаңа буынының қалыптасуына ықпал етеді» деген пікріде.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Қордай жерінде Германияның үлкен бір компаниясы осы жерге 1 млрд 600 млн еуроға үлкен осындай жердің астында жатқан алтынды, күмісті өңдейтін комбинат салайын деп отыр. Бұл ең бірінші осы елді мекеннің тұрғындарына керек. Бұл жаңа жұмыс орны. Қосымша салық. Соның бәрі өңіріміздің, еліміздің экономикасының дамуына көмегін көресетеді.