Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді – А.Цой

Бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар саны артты деп хабарлады.

Төртінші тоқсан басталғалы бері 3700-ден аса оқушы, оның ішінде дәстүрлі форматта білім алып жатқан 1093, онлайн режимде оқитын 2613 бала ковидке шалдыққан. Әсіресе Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ахуал күрделене түсті. «Қызыл» аймақта тұрған өңірлерде оқуды офлайн өткізуге болмайды. Жалпы алғанда елде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Өткен аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 46-дан 6 процентке дейін төмендеген. Бір жұмада өлім-жітім де 22 проценттен 8 процентке азайып отыр.

Атап өтейік, еліміз вирус жұқтыру есебі бойынша әлемде 221 елдің ішінде 110-орында тұр.