А.Цой коронавирусқа қатысты болжамын айтты

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа байланысты болжамын айтты.

Оптимистік сценарий бойынша қарайтын болсақ, егер вакцинация кесте бойынша жалғаса берсе, онда тәулігіне 3 мыңға дейін адам вирус жұқтыруы мүмкін. Осылайша вирустың таралуы сәуір айының соңында ең жоғары деңгейге жетпек. Ал екпе салу ісі баяу жүрсе, онда тәулігіне 4 мыңдай адам ауыруы мүмкін. Ол кезде короновирустың шарықтау шегі мамыр айының ортасына барады деп ойлаймыз деді Алексей Цой. Ал вакциналау кестесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қарағанды облыстары артта қалып келеді.

Сондай-ақ...