Шымкентте карантин күшейтілді

Шаһардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қатаң талаптар енгізілді.

Қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгертіледі. Ал сапаржайлар, зообақ, театр мен кинотеатрдың жұмысы мүлде тоқтатылды. Жабық базарлар демалыс күндері жұмыс істемейтін болды. Жұмыс күндері де саудаға шектеу қойылды. Сонымен қатар банкет залдары мен мектеп асханаларының жұмысы да уақытша тоқтатылды. Карантиндік шаралар аясында ауызашар, жерлеу рәсімдері, тойлар, туған күн мен мерейтойларды өткізуге тыйым салынып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында қолға алынды. Өйткені соңғы уақытта мегаполисте ауру жұқтырғандар саны күрт өскен.